педагогтерді акт зыреттілігі бойынша юнеско сынымдарын зерделеп з ойыызды білдірііз
Педагогтердің акт құзыреттілігі бойынша юнеско ұсынымдарын зерделеп, өз ойыңызды білдіріңіз
| Дата | 12.08.2021 |
| өлшемі | 15.63 Kb. |
| Педагогтердің АКТ құзыреттілігі бойынша ЮНЕСКО ұсынымдарын зерделеп, өз ойыңызды білдіріңіз. Мұғалімдердің АКТ құзыреттілігінің құрылымының ерекшеліктерін өз тәжірибеңізбен байланыстырыңыз. Нақты бір мысал келтіріңіз. АКТ құзіреттілігі моделінің білімділік деңгейі бойынша жалпы компьютерлік сауаттылығым бар. МS Word, MS Power Point программаларымен күнделікті жұмыс жүргізе аламын. Тек төмен деңгейде меңгеру MS Exsel программасымен жұмыс жасау және бейне сабақ әзірлеуде көрініс табады. Осы бағыттар бойынша әрекеттік деңгейге өткім келеді. Ал әрекеттік деңгей бойынша күнделік.кз, білім ленд, смк сайттарымен үзбей жұмыс жасап, толық меңгердім деп айта аламын. Сабақ кезінде синхронды сабақ беру үшін ватсап,телеграмм, білім ленд, онлайн мектеп,зум конференцияларын қолдандым. Өз пәніме қатысты тиімді платформаларды,программаларды жоғары деңгейде меңгеру мақсатында осы курсқа қызығушылықпен қатысып отырмын. Ж.К. Имангазиева №3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебі, Жаңақала ауданы «Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз. Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» Білім беруді жан-жақты дамыту; білім беру үрдісін басқару және оқыту басты бөлімі- интернет пен АКТ. Инновациялық интерактивті технологияларды қолдану мемлекеттік және стимулын қолдау болып табылады. Электрондық (сандық мектеп)–бұл мультемидиялық интерактивті сыныптар, жаңалықтарды жариялауға интерактивті холлдар, ақпараттық плазмалық панелдер SMART-фойе интерактивті сенсорлық ақпаратты жариялау тақтасы; поливалентті акт залы орталық экран, проектор, камера, үлкен жиындарға жүйелі дауыс микрафоны және де әрбір оқушыға ноутбук яғни мобильдік компьютерлік сыныбы. Электрондық білім беру контенті педагогтармен құрастырылған. Ақпараттық мәденет- бұл педагогты жеке тұлғалық сипаттайтын және үрдістер мен оның еңбегінің нәтижесінің сапасы. Білім беру маркетингісін, білім беру сапасына сараптама және мониторинг; зерттеу жұмыстарына дағдысы – бұл іргетас. Осы уақытта жалпы орта білім беру жүйесінде талап етілетін техникалық және бағдарламалық құралдар көп мөлшерде жеткілікті жинақталған. Компьютерлік технологияны қолдану көрсеткіштері шегіне жетуге таяу, компьютердің қуатының елеулі түрде артуы білім беруге сәйкес жаңа мүмкіндіктер бермейді. Өзектілігі мектептің компьютермен жабдыықталуы емес, білім беру саласында қанша стратегия оның практикалық қолданылуы болып табылады. Педагогтардың білім беруде АКТ құралдарды практикалық тиімді пайдалануға дайындығынсыз өзінің кәсіби іс-әрекетінде осындай құралдарды пайдалануға мүмкін емес. Ақпараттандыруқұралдарынқолданупедагогтардыңқарқындыеңбегіне, соныменбіргемектепоқушыларынтиімдіоқытуғанақтыоңықпалынтигізеді. АКТ-ны тәжірибеде қолдану үшін жалпы орта білім беруде педагогтарға тән болу керек: Педагогикалық зерттеулердің мәліметтерін ескере отырып, білім беру АКТ құралдарының потенциалын тиімді меңгеру, мұғалімдердің төмендегі жағдайларға сүйенетін сәйкес дайындығын ұсынады: АКТ–ны енгізу барысында білім беруде оқу орындарында және оқу үрдісіндегі мұғалімнің ролінде мәдени өзгерістер болды.Өздігінен білім алуға акцент жасауға байланысты педагогтардың оқытуда кеңес берушілік және түзетушілік бағыттағы іс-әрекеттері күшеюде. Қазіргі оқушыларға ұсынылатын АКТ құралдары,көп мөлшердегі ғылыми және оқыту ақпараттар жағдайында негізгі және аралас оқу пәндері аумағында педагогтарды кәсіби дайындауға талаптар артуда. Негізінен мұғалімдерге жеке тұлғалық, жалпы мәдени, қарым-қатынас сапасына талаптар күшеюде. Білім беру үрдісінде АКТ-ны қолдануға қазіргі педагог мамандарды дайындау деңгейін көтеру үрдісінде оң нәтиже беретін бірнеше негізгі факторлар бар екендігін есеп көрсетіп отыр. 1.Мұғалімдердің білімін көтеруде көпдеңгейлік жүйе құру. Бейнеленген дайындықты қалыптастыру барысында бірінші санатты педагогтар соңғы қолдану деңгейіне дейін дайындауға бағдарлануы керек. Қазіргі мұғалім компьютерде жұмыс істеудің ең қарапайым дағдысын меңгеруі керек, көбірек тараған әмбебап қолданылатын бағдарламалар пакеті бойынша алғашқы түсінік алуы, пән аумағындағы оған белгілі дайын компьютерлік оқу бағдарламасымен, әлемдік ақпарат көздеріне қол жеткізетін құралдармен, әріптестерімен және оқушылармен телекоммуникациялық қарым-қатынас жұмысты меңгеру, мәтіндік редактормен, электрондық кестелермен, жұмыс істеуге үйрену. Телекоммуникациялық және компьютерлік технологияларды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етумен байланысты пәндер және психологиялық-педагогикалық цикл пәндері мен түйіскен осындай курстарды практикалық жүзеге асыру мазмұнды интеграциялауға негізделген. Қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды өздігінен өңдеумен шұғылданатын екінші санатты мұғалімдерге кәсіби қолданушылар немесе программистер деңгейіне таяпқалғандар жатады. Бұл электрондық ресурстар құрылымын мұғалімдердің тиімді және түсініп жобалауына қажет. Өңдеуші-оқытушылар үшін кәсіби біліктілігін арттыру (немесе өздігінен) курстарында АКТ құралдарын қолдану және құрастыру негізі ретінде, сонымен бірге ол үшін қажет болатын педагогика және психология негіздерімен танысу маңызды. АКТ құралдарын өдеуде шығармашылық ұжым жүйелі және қолданбалы программистер, психологтар, дизайнерлер, эргономика мамандарының қатысуының қажеттілігін ескеруі керек, бірақ сапалы өңдеуге жеткіліксіз жағдай. Педагогқа өз ойын және идеяларын қолданылатын аппараттардың нақты мүмкіндіктерімен, бағдарламалық қамтамасыз етілуімен, өзінің өңдеу жасайтын ұжымының кәсіби дайындық деңгейін өлшеп білуі керек. Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу; Ойымды қорытындылай келе Американ философы, әрі педагогы Джон Дьюи айтуына сүйенсем мәселерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді. «Нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады» деген екен. Балаларға АКТ – ны пайдаланып, ой еркіндігін, дербес ойлауын дамыту керек деп ойлаймын ЮНЕСКО Білім берудегі Ақпараттық Технологиялар Институты мен ЮНЕСКО педагогикасы кафедрасы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға 2011 жылы қол қойылды және осы Меморандумға ЮНЕСКО педагогикасы кафедрасымен қатар басқа да 13 мемлекеттен 23 ЮНЕСКО кафедралары тіркелген болатын. Университет оқытушыларына басқа шетелдік университеттердің бағдарламаларын орнатуда көмек көрсету, оқытушы-профессор құрамымен алмасуы бойынша әріптестік байланыстарды дамытуда кафедра жұмысының маңызы ерекше. ЮНЕСКО педагогика кафедрасы Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО Ұлттық комиссия мен ЮНЕСКО кафедраларының отырыстары мен форумдарына қатысып, есеп беріп, жаңа жобалармен бөлісіп отырады. Кафедра ЮНЕСКО-ның мұғалімдерді даярлау және жоғары білім беру департаментінің құрамына кіреді. ЮНЕСКО кафедрасы педагогтар мен ғылыми қызметкерлерге түрлі халықаралық конференциялар ұйымдастыру жұмыстарына жәрдемдеседі. Халықаралық қорлармен әріптестік байланыс орнату шеңберінде ЮНЕСКО педагогика кафедрасы негізінде Алматы қаласының университет мұғалімдеріне оқытудың инновациялық технологияларын қолдануымен семинарлар өткізіледі және мұғалімдердің АКТ құзыреттілігін дамыту бойынша және ұсыныстарды енгізу қызметтері шеңберінде ЮНЕСКО құрылымында мен Білім берудегі Ақпараттық Технологиялар Институты (ББАТИ ЮНЕСКО) бірлесе отырып жұмыс жасайды. ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына және ЮНЕСКО-ның мүше мемлекеттердің білім беру қызметкерлерінің құзыреттілік пен кәсіби даму қалыптастыру мен әлеуетті нығайту сәйкес кафедра қызметкерлерімен (университеттік білім берудегі АКТ саласындағы Инновациялық іс-тәжірибелер жобасы ұсынылды. Авторлары: Селютин Г Я., Камалова Г. Б., Қонаев С. Н.) және осы жоба ЮНЕСКО-ның «Университеттік білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялық тәжірибелер» атты халықаралық байқаудауында бас жүлдеге ие болды. Конкурсқа 14 мемлекеттің жобалары ұсынылды. 2018 жылдың 15-16 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ЮНЕСКО педагогика кафедрасы «Мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығы бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО, ҚР БҒМ, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюро өкілдері және Қазақстанның 10 қаласынан және 20 шетел университеттерінен Болгария, Израиль, Ресей, Украина, Литва, Польша, жақын және алыс шет елдері өкілдері қатысты. спорттың мәдени мұра, мәдениет кодексі ретінде дамытумен байланысты баяндамалар өте қызықты болды және олар кең мағынада мәдениеттер арасындағы ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейлерде диалогты нығайтуға қызмет етеді. Конференцияға қатысушылар мәдениеттер жақындастығының Онжылдығы тұжырымдамасын іске асыруда білімнің алатын орны ерекше екенін атап өтті, бұл халықтың шығармашылық әлеуеті арқасында қосымша білім, құзыреттілік пен дағдыларды игеру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айта кетті.. Баяндамашылар сондай-ақ, «Мәдениеттерді жақындастырудың онжылдығы» бағдарламасын іске асыру ақпараттық қоғамдағы білім алу оның әлеуетін толығымен пайдалануы керек екендігін атап көрсетті, өйткені ол үлкен мотивациялық әлеуетке ие. Қазіргі заманғы компьютерлік және білім беру технологиялар көмегімен сабақты эмоционалды және бай ақпаратқа толы етіп өткізуге болады.Ұсынылған баяндамалар білім беру жүйесінде заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жеткілікті саны әзірленіп, қолданылатынын, бірақ олардың Мәдениеттер жақындастығының онжылдығы идеяларын жүзеге асыру үшін жеткіліксіз екенін көрсетті. «Құзыреттілік – болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды сапасы»Ищем педагогов в команду «Инфоурок» Выбранный для просмотра документ Реферат.doc Құзыреттілік – болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды сапасы ретінде. Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді. Бұл жайлы Б.Тұрғынбаева «…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы». Сонымен, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. 2.1. Негізгі құзыреттілік туралы түсінік. 2.2. Құзыреттілікті қалыптастыру 2.3. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі Педагогикалық қызмет табиғатында шығармашылықты талап ететіні белгілі қағида. Адамның шығармашыл мүмкіндіктерінің дамуы тұрғысынан интеллектуалды, эмоциалық, рухани потенциалының баюына, жетілдіруге, тануға ұмтылуға нақты жағдай туғызады. Осыған байланысты ұстаздардың кәсіби дайындығының мақсаты да өзгереді. Кәсіби құзыреттіліктің қалыптасу процесі кәсіби білімнің, біліктің, іс-әрекеттің қалыптасуын қамтиды, ұстаздың жалпымәдени дамуын, өзінің көзқарасының және тұлғалық кәсіби құнды қасиеттердің қалыптасуын қамтиды. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі күнделікті педагогикалық қызметте әр түрлі танылады және әр түрлі іске асады. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі деп, біз өзара байланыстыүш компонеттен тұратын тұлғаның қасиеттерін түсінеміз: — Педагогикалық қыметте жүзеге асатын кәсіби білім; — Мұғалімнің кәсіби құнды қасиеттері; Бұл үш компонент мұғалімнің тұлғасын дамыту мақсатымен біріктірілген, сонымен қатар әр компонент педагогикалық қымет үрдісінде бірде алғышарт, бірде құралы, бірде нәтижесі болып кызмет атқарады. Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру үрдісі кәсіби білім, білік, дағдыны қалыптастыру, педагогтің жалпы мәдени дамуын, оның тұлғалық көзқарасын және кәсібимаңызды сапаларын қалыптастыруды білдіреді. 2.4. Педагог мамандардың құзыреттіліктерін қалыптастырудың деңгейлері. 2.5. Білім беруде педагогтың құзырлығы мен тұлғалық сапалары Білім беру нәтижесі екі тұрғыдан қарастырылады. Біріншісі – бұл нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына, оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны, әлеуметтік мәдени тәжірибенің идеалды формада сақталатынына әлбетте қол жететін көрнісі екені мәлім. Екінші тұрғыдан білім берудің нәтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Интеллектуалды, тұлғалық, мінез-құлықтық қасиеттерінің қалыптасқан жиынтығы ретіндегі оның тәжірибесі оған кез-келген жағдайда адекватты әрекет жасауға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан білім берудің нәтижесі білімділік болып табылады, ол жалпы және кәсіптік-мазмұнды бола алады. Осылайша, мектеп түлектерінің жалпы білімділігін қалыптастырады. Кез-келген жоғары оқу орнының түлегі осы негізде арнайы кәсіптік білімімен сипатталады. Адамды білімді ететін терең және жүйелі білім беру өмір ағымының ауыспалы кезеңдерінде сенімділік, бәсекеге қабілеттілік және өзінің ар-намыс сезімінің негіздерін салады. Педагог іс-әрекеті білім саласында кәсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық – іс-әрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-әрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай әрекеттер және қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нәтижесінде әрекет бағдарламасы – педагог іс-әрекетінің моделі пайда болады. Іс-әрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзыреттілігінен шешіледі. Құзыреттілік – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті. Біліктілік – адамның қандай да бір кәсіби- еңбек қызметін орындауға деген дайындық деңгейі немесе біліктілік – кәсіпті меңгеру деңгейі. Біліктілік мінездемесі – қандай да бір біліктілік деңгейі бар нақты бір кәсіп маманы оны игеруге қажет білім, білік және дағдыларға қойылған талаптар тізімі белгіленген мемлекеттік құжат. Кәсіби оқытушы педагогының құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада – педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды. Кәсіби оқытушы педагогтың іскерлігінің негізгі бағыты болашақ мамандардың кәсіби білімін (теориялық және тәжірибелік) жетілдіру болып табылады. Кәсіби білім педагогы педагогикалық іскерлікке даярлықтан басқа кәсіби оқыту мекемесінде кадрларды дайындауға арналған халық шаруашылығының маманы болып табылады. Кәсіби оқыту педагогының кәсіби іскерлігінің мазмұны оның еңбегінің педагогикалық және инженерлік интегралмен анықталады. Алғаш рет педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетуге әрекет жасаушының бірі П.Ф. Каптерев деп санауға болады. Ол объективті және субъективті қасиеттерді, факторларды бөліп, олардың жоғарыдан төмен дамуын (иерархиясын) ұйғарды (Кесте 1). Жалпы алғанда, келесі түрде көрсетілуі мүмкін: Кесте 1-Педагогтың жалпықасиеттері Объективтік (мұғалімнің ғылыми дайындығы) Субъективтік (жеке мұғалімдік талант) Н.В. Кузьмина бойынша, субъектілік факторлар құрылымы: табиғаттылық типін, қабілеттер деңгейі мен құзырлықты қамтиды, оларға арнайы-педагогикалық, әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық, диференциалды-психологиялық, аутопсихологиялық құзырлық жатады. Осы факторлық құрылымның үш негізгі құрастырушысы айқын: тұлғалық, даралық (немесе даралық-педагогикалық) және кәсіби-педагогикалық. А.К. Маркова бойынша, субъектілік қасиеттер құрылымы келесі сипаттама блоктарымен көрсетілуі мүмкін: Кәсіби, психологиялық, педагогикалық білімдер Кәсіби психологиялық позициялар, ұстанымдар Н.В.Кузьмина ұсынған, осы құрылымды педагогтың субъективтік қасиеттер құрылымымен салыстырудан көрініп отырғандай, онда қабілеттер блогы арнайы бөлінбеген және құзырлылық түсінігінің өзі біршама бөлек түсіндіріледі. Мысалға, егер Н.В. Кузьмина тұжырымдамасында құзырлылық педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің басқа факторларымен қатар қойылған фактор болса, онда А.К. Маркованың тұжырымдамасында кәсіби құзырлылық тектік түсінік болып табылады. Ол іс-әрекетте көрінетін және оның тиімділігін қамтамасыз ететін барлық факторларды қамтиды. А.К. Маркова бойынша, «педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық қарым-қатынас жеткілікті жоғары деңгейде іске асырылатын, мұғалім тұлғасы жүзеге асырылатын, мұнда мектеп оқушыларының оқуылуы мен тәрбиеленуінің жақсы нәтижелеріне жететін, педагог еңбегі (осы жақтар кәсіби құзырлылықтың бес блогын құрайды)» кәсіби құзырлы. МҰҒАЛІМ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕК СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ Мұғалім педагогикалық Мұғалім педагогикалық қарым- іс-әрекет субъектісі ретінде қатынас субъектісі ретінде Екіншіден, ұсынылған түсініктеме іс-әрекет пен қарым-қатынасты кейбір шектеулермен педагогикалық субъектілік қасиеттерді, оларды модульді көрсету көмегімен қарастыруды операционалдандыруға мүмкіндік береді (кестені қараңыз). Кесте 3- Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы модулі (А.К.Маркова бойынша) Мұғалім еңбегінің жақтары Еңбектің әрбір жағы үшін психологиялық модуль Мұғалім еңбегі үшін объективті қажеттілер Мұғалім еңбегінің психологиялық сипаттамасы Естуі бұзылған балаларға арнайы білім беру мазмұныИщем педагогов в команду «Инфоурок» Тақырып Естуі бұзылған балаларға арнайы білім беру мазмұны 1.Сурдопедагогиканың мақсаты мен міндеттері 2.Есту бұзылысының жіктелу түрлері 3.Естуі бұзылған балаларға арнайы білім беру мазмұны Есту қабілетінің үлкен қызметі болып табылатын естудің жәрдемімен бала өзінің сөйлеу тілін бақылап қана қоймай, оны айналасындағылардың сөйлеу тілімен салыстыруға мүмкіншілігі болады. Жалпы қоршаған орта дыбыстарға толы боып келеді, әрі олар әртүрлілігімен ажыратылады. Біздер музыкалық, шулы, табиғи дыбыстарды естиміз. Сонда адамның дамуында естудің үлкен орны бар екендігі белгілі. Ал баланың жалпы дамуына оның толық жетілген есту қабілеті шешуші қызмет атқарады. Баладағы есту қабілетінің бұзылыстары іштен туа және жүре пайда болады. Іштен туа біткен саңыраулық өмірде сирек 25 % шамасында ғана кездеседі.Мұның пайда болу себептері; ана құрсағындағы даму кезеңінде есту мүшелерінің дұрыс дамымауынан, тұқым қуалау себебінің ықпалынан және анасының жүктілік кезінде тұмау, қызылша немесе басқада жұқпалы аурулармен ауруы, дамудың алғашқы айларында зиянды зақымданудың әсерінен болады. Кейіннен пайда болған саңыраулық әртүрлі аурулардың зиянды әсерінен, есту жүйкесінің немесе құлақ ішінің асқынып ауруы нәтижесінен пайда болады. Саңыраулық пайда болу уақытына байланысты ерте саңыраулану және кеш саңыраулану болып бөлінеді.Ерте саңыраулану бұл бала тілі шыққанға дейінгі кезеңінде пайда болуы, ал кеш саңыраулану баланың сөйлеу тілі қалыптасқаннан басталған саңыраулану болып табылады.
Вам также понравится |

